2022 жыл біз үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды - Мәулен Әшімбаев

0
1 208

Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2023 жыл еліміз үшін табысты, берекелі, құтты жыл болатынына сенетінін жеткізді.


2022 жыл біз үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды - Мәулен Әшімбаев

ERNUR.KZ. 2022 жыл біз үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды десек, артық бола қоймас. Әлеуметтік желідегі парақшасында осылай деп ой түйген Сенат спикері Мәулен Әшімбаев 2023 жыл еліміз үшін табысты, берекелі, құтты жыл болатынына сенетінін жеткізді, деп жазады inform.kz.

- Баршаңызды келіп жеткен жаңа 2023 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Бұл – бәрімізге көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын, әрқайсымыз ерекше қарсы алатын шаттыққа толы мереке, - деп жазған Сенат төрағасы.
Осы сәтте өткенді ой елегіне салып, алдағы күндерден айрықша үміт күтетінімізге тоқталады.
Өтіп бара жатқан 2022 жыл еліміз үшін оңай басталған жоқ. Қасіретті қаңтар оқиғасы елдігіміз бен егемендігімізге үлкен қауіп төндірді. Біз, шын мәнінде, тәуелсіздік жылнамасында бұрын-соңды болмаған сын-қатермен бетпе-бет келдік. Дегенмен, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың батыл шешімдері мен халықтың ынтымағының арқасында қиындықтарды еңсере білдік. Тәуелсіздігімізді нығайтып, мемлекеттілігімізді сақтау жолында нақты қадамдар жасадық. Соның нәтижесінде бүгінде елімізде кешенді реформалар жүйелі түрде іске асырылып жатыр. Жалпы, 2022 жыл біз үшін түбегейлі өзгерістер жылы болды десек, артық бола қоймас”, - дейді ол.
Сенат спикері алдағы уақытта қолға алған бастамалар лайықты жалғасатынына сенімділік танытады.
- 2023 жыл еліміз үшін табысты, берекелі, құтты жыл болады деп сенеміз. Ол үшін барлық істе жұдырықтай жұмылып әрекет ету аса маңызды. Сонда ғана көздеген мақсат-міндеттерімізге қол жеткіземіз. Жаңа жылда әр отбасына қуаныш, жақсылық, амандық тілеймін! Егемен еліміз өсіп-өркендей берсін! Әрдайым іргеміз бүтін, бірлігіміз бекем болсын! Жаңа жылдарыңызбен! - деп тілек білдіреді Мәулен Әшімбаев.