2024 жылдың 1 ақпанына дейін SOS түймесі жоқ көліктерді әкелуге болады

0
835

Көліктер 2024 жылдың 1 ақпанына дейін шұғыл шақыру жүйелерімен жабдықталу талабынан босатылады.


2024 жылдың 1 ақпанына дейін SOS түймесі жоқ көліктерді әкелуге болады

ERNUR.KZ. Қазақстанның бастамасымен Еуразиялық экономикалық комиссия көліктерді SOS түймесімен міндетті жабдықтау талабының мерзімін ұзартты, деп жазады inbusiness.kz.

"Көлік иелерінің SOS түймелерін дайындауға арналған құрамдас бөліктердің жоқтығы туралы өтініштерін ескере отырып, Қазақстан тарапы міндетті жабдықтау талабының мерзімін бір жылға ұзарту мәселесін көтерді. Кеңес мүшелері ЕЭК бұл ұсынысты бірауыздан қолдады", - деп хабарланды.

Енді ЕАЭО елдеріне жеке пайдалану үшін әкелінетін M және N санатындағы көліктер (жүк және жолаушылар) 2024 жылдың 1 ақпанына дейін шұғыл шақыру жүйелерімен жабдықталу талабынан босатылады.