Келесі жылдан бастап мүлікті сатудан түскен табысқа салынатын салық ставкасы ұлғайтылмақ.
Фото: Stan.kz
ERNUR.KZ. Егер кіріс 8,5 мың айлық есептік көрсеткіштен, яғни 31 млн 382 мың теңгеден асса, мөлшерлеме 10 пайыздан 15 пайызға дейін өседі, деп жазады stan.kz.
Мәселен, табыс 40 миллион делік, сәйкесінше шекті сомадан 8 миллион теңгеге артық. Сондықтан, сол 8 миллионның 1 миллион 200 мың теңгесі жеке табыс салығы есебінде бюджетке аударылады. Кірістер комитеті өкілдерінің айтуынша, жаңа салық кодексіне сай, әрбір мүлік түріне қатысты жеке баптар қарастырылып отыр. Мәселен, тұрғын үй, саяжай, гараж секілді құрылыс нысандарын салықсыз сату үшін мүлік кемі 2 жыл меншік иесінің атында тұруы қажет. Яғни мерзім 1 жылға ұзартылды. Әрі өзгерістер пәтерін жалға беретін жеке тұлғаларға да қатысты. Өйткені, келесі жылдан бастап жеке кәсіпкер есебінде тіркелген жалға берушілер табыс салығын төлемейді. Тек, есепті жыл өткен соң бюджетке әлеуметтік төлемдер ретінде кірісінің 4 пайызын аударса, жеткілікті. Айта кетейік, декларация 15 қыркүйекке дейін тапсырылуы шарт.
“30 миллионға дейін сатқан үйінің табысынан 10 пайыз төлейді де, ал 30 миллионнан артығын, мысалы 35 миллионға сатса, уже 5 миллионына 15 пайыз салық ретінде төлейді”, – деді алматы қалалық МКД бас маманы Қайрат Тұрымбетов.