23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша жабылады

0
681

Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған.


23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша жабылады

ERNUR.KZ. 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтанда барлық балабақша жабылады, деп жазады zakon.kz.


Қалалық бас санитарлық дәрігер Жанна Пірәлиеваның шешіміне сәйкес, 23 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан қаласында меншік нысанына қарамастан (мемлекеттік және жеке меншік) барлық балабақша жұмысы тоқтатылады.
Бұрын балабақшаларда кезекші топтарды қабылдауға рұқсат етілген, онда да бір топта балалар саны 15 адамнан аспауы керек.
Эпидемиологиялық жағдайды және тәрбиешілер арасында COVID-19-ды жұқтыру фактілерін ескере отырып, балабақшалардың қызметін тоқтата тұру туралы шешім қабылданды. Егер балаларды қасында қалдыратын ешкім болмаса, ата-аналардың бірі қашықтықтан жұмыс істеу режиміне ауысуы керек. Жалпы, карантин кезеңінде балабақшаларға баратын балалардың жалпы санының тек 20% -ы (мемлекеттік және жеке) ғана балабақшаға келіп жүрген.
Қабылданған шаралар тек балалардың денсаулығын сақтауға және инфекцияның таралу қаупін азайтуға бағытталған. Балабақшалардың жұмысының қайта жандануы қаладағы індет статистикасына байланысты болады. Санитарлық нормаларды қатаң сақтау керек: маска киіп, қолыңызды антисептикпен сүртіп және әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз.