Сауалнама 13-20 шілде арасында өткен.
ERNUR.KZ. Qalaisyn.kz онлайн-сауалнама панелі коронавирус жағдайы бойынша қазақстандықтар арасында өткен сауалнама нәтижесін жариялады, деп жазады Tengrinews.kz.
Сауалнама 13-20 шілде арасында өткен. Оған 1283 адам қатысқан.
Зерттеушілердің мәлімдеуінше, сауалнамаға қатысқандардың 16 пайызы ғана COVID-19-ға қарсы вакцинаға оң көзбен қарайды, ал 28 пайызы одан бас тартпақ.
Қатысушылардың 41 пайызы таныстарының коронавирус жұқтырғанын естімегенін айтқан.
Сондай-ақ, 62 пайызы коронавирус туралы ақпараттарды Интернет пен әлеуметтік желілерден оқитынын мәлімдеген.