2GIS дерегінше, жаңа желі әуежайдан Нұрлы жол вокзалына қоғамдық көлікпен екі есе жылдам жетуге мүмкіндік береді.
фото: google.com.
ERNUR.KZ. 2GIS геосервисі Астана картасына Astana LRT жеңіл рельсті көлік желісін қосты. Енді пайдаланушылар Қазақстан астанасындағы жаңа көлік түрі ресми іске қосылғаннан кейін бірнеше минут ішінде 2GIS арқылы осы бағыт бойынша маршрут құра алады.
Astana LRT желісі мен станцияларын 2GIS картасынан қазірдің өзінде көруге болады, алайда бұл бағыт бойынша маршруттар ресми ашылғаннан кейін іске қосылады
LRT эстакадасы 2GIS картасында 3D үлгісінде көрсетілген және Астана халықаралық әуежайын (NQZ) «Нұрлы жол» теміржол вокзалымен байланыстырады. Желінің жалпы ұзындығы 22 шақырымнан асады, бағыт бойында 18 станция орналасқан. Қоғамдық көлікпен бағыт іздеген кезде 2GIS осы станцияларды ескере отырып маршрут ұсынады. Мысалы, пайдаланушы әуежайдан вокзалға дейін барғысы келсе, LRT-нің бастапқы станциясынан соңғы станциясына дейінгі жол шамамен 40 минутты алады, ал 2GIS навигаторының дерегіне сәйкес, дәл осы бағытта қалалық автобустармен кептеліс уақытында жолға шамамен 1 сағат 32 минут кетеді. Осылайша, Astana LRT жол жүру уақытын екі еседен астам қысқартып, жолаушылардың 50 минуттан астам уақытын үнемдеуге мүмкіндік береді.
«Astana LRT — 2GIS карталарындағы алғашқы жеңіл рельсті қоғамдық көлік. Бұл тек Қазақстанда ғана емес — біздің сервис 10 елдегі 1400-ден астам қаланы қамтиды, ал Астанадағы LRT бірегей жоба болып саналады. Жақын уақытта 2GIS қосымшасында жаңа желі бойынша қай вагонға мінген ыңғайлы екені және қажетті орынға тезірек жету үшін қай бағытқа шығу керектігі туралы нұсқаулар пайда болады», — деп 2GIS көлік сервистерінің продакт-менеджері Дмитрий Шварц атап өтті.
Astana LRT желісі мен станцияларын 2GIS картасынан қазірдің өзінде көруге болады, ал бұл бағыт бойынша маршруттар қосымшада ресми ашылғаннан кейін ғана құрастырылады.


