3 бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

0
113

12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған еді.


3 бала қаза тапқан өртке қатысты қылмыстық іс қозғалды

Фото: Бейнежазбадан

ERNUR.KZ. Астанада түнгі уақытта болған өрт салдарынан тұрғын үйде кәмелетке толмаған 3 бала көз жұмды, деп жазады inbusiness.kz.

Полиция департаментінің хабарлауынша, балалардың мәйіттері табылуына байланысты қылмыстық іс тіркеліп, оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған кешенді жедел-тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.

Тергеу нәтижесіне қарай оқиғаға құқықтық баға берілмек.

Өрт 12 сәуірге қараған түні Түркістан көшесіндегі 21 қабатты тұрғын үйдің 15-қабатындағы пәтерде болған еді. Өрт сөндірілгеннен кейін пәтер ішінен балалардың денелері табылды. Әйел адам аман қалып, күйік жарақаттарымен ауруханаға жеткізілген. Жоғарғы қабаттардан 20 адам эвакуацияланып, тағы 40-қа жуық тұрғын өздігінен сыртқа шыққан.