35 мың полиция қызметкері баспанаға зәру

0
1 845

ІІМ-нің ведомстволық тұрғын үй қоры да, құрылыс ұйымы да жоқ. Сондықтан қызметкерлер жергілікті атқарушы органдар арқылы жалпы негізде баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс.


35 мың полиция қызметкері баспанаға зәру

ERNUR.KZ. 35 мың полиция қызметкері баспанаға зәру. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия отырысында Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев айтты, деп жазады ҚазАқпарат.

"Қазіргі уақытта ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері мен әскери қызметшілеріне коммуналдық қызметтерге төлем жасауға және тұрғын үйді күтіп ұстауға өтемақы ретінде ай сайын 3 739 теңге төленеді. Сонау 2009 жылдың қаңтарында бекітілген бұл сома бүгінгі күні өзгерген жоқ және қызметкердің ТҚШ қызметтеріне төлейтін шығыстарын өтей алмайды. Біздіңше, өтемақы мөлшерін 20-30 мың теңгеге дейін көтерген жөн және жыл сайынғы инфляцияны ескере отырып арттыру қажет",- деді министр.

Осы ретте Ерлан Тұрғымбаев бүгінгі күні 35 мыңнан астам полиция қызметкерінің баспанаға мұқтаж екендігін айтты.

"ІІМ-нің ведомстволық тұрғын үй қоры да, құрылыс ұйымы да жоқ. Сондықтан қызметкерлер жергілікті атқарушы органдар арқылы жалпы негізде баспанамен қамтамасыз етілуі тиіс. Жергілікті жерлерде бұл проблема кейбір өңірлерде қоспағанда өте баяу шешіліп жатыр. Қызметкерлерге баспана жалдауға ақшалай өтемақы төлеу айтарлықтай әлеуметтік қолдау шарасы саналады. Бұл ретте "ҚР Ішкі істер органдары туралы" Заңмен ол ішкі істер органдарының барлық қызметкерлері үшін бекітілген. Алайда, бүгінгі күні ІІМ-нің бюджеттік қорының шектеулі болуына байланысты Үкімет шешімімен бұл жеңілдікті жедел-тергеу бөлімшелерінің 6,5 мың қызметкері ғана пайдаланады. Бұл өтемақы берілуі тиіс қызметкерлердің тек 1/6 бөлігі", - деді ол.