4 мамыр күні Қазақстанның бес облысында үсік жүреді

0
597

Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман болжанды.


4 мамыр күні Қазақстанның бес облысында үсік жүреді

ERNUR.KZ. Синоптиктер 2023 жылғы 4 мамыр күні Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты, деп жазады Zakon.kz.

"Қазгидромет" РМК ұсынған мәліметке сәйкес, атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен республиканың батысында жаңбыр жауады, ауық-ауық жаңбыр күшейіп, найзағай ойнап, бұршақ жауады, оңтүстік-шығыс пен шығыста жауын-шашын (жаңбыр, қар) түседі.
Республика бойынша жел күшейеді, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста, батыста шаңды дауыл тұрады, солтүстік-батыста тұман болжанды.
"Түнде Алматы, Жетісу облыстарында, Қостанайда топырақ бетінде, солтүстікте, Ұлытау облысының шығысында, Жамбыл облысының таулы аймақтарында 1-6 градус үсік жүреді", – деді синоптиктер.
Синоптиктердің болжамынша, солтүстікте, батыста, Түркістан облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында жел 15-20-ға дейін күшейеді, екпіні 23-28 м/с, күндіз таулы аймақтарда 30 м/с-ке болады.
Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Айнымалы бағыттағы желдің екпіні 2-7 м/с. Ауа температурасы түнде -1-3°С, күндіз +17+19°С.
Алматыда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 0+2°C, күндіз +10+12°C.
Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Шығыстан соғатын желдің күші 8-13, екпіні 15-20, күндіз 25 м/с. Ауа температурасы түнде +6+8°С, күндіз +20+22°С.