Қазақстанда 32 тоннадан астам есірткінің заңсыз айналымы тоқтатылды

0
41

23 есірткі зертханасы және 94 фитозертхана жойылды.


Қазақстанда 32 тоннадан астам есірткінің заңсыз айналымы тоқтатылды

© Photo : КНБ Казахстана

ERNUR.KZ. Қ Ішкі істер министрлігі 10 айда 32 тоннадан астам есірткінің заңсыз айналымын тоқтатты, деп жазады Polisia.kz.
10 айда 6,5 мың есірткі құқық бұзушылығы, оның ішінде үш мыңнан астам есірткі қылмысы анықталды.
"32 тоннадан астам есірткінің, оның ішінде бір тоннадан астам синтетикалық есірткінің заңсыз айналымға түсуіне жол берілмеді", - дейді министрлік.
Сегіз ұйымдасқан қылмыстық топтың, оның ішінде бір трансұлттық қылмыстық топтың қызметі тоқтатылды. Ұйымдасқан қылмыстық топтардың 10 жетекшісі мен 43 мүшесі ұсталды.
"23 есірткі зертханасы және 94 фитозертхана жойылды. Есірткі контрабандасының 147 дерегі анықталды. Халықаралық ынтымақтастық аясында екі сыртқы, сондай-ақ ел аумағында 18 ішкі есірткі жеткізу арнасы бақылауда болды", - дейді ішкі істер министрлігі.
Цифрлық кеңістіктегі есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл күшейтілді.
"Киберқадағалау" жүйесіне заңсыз контентті 30 мыңға жуық интернет-ресурс енгізілді. 11 мыңнан астам сайт пен жалпы сомасы 283 млн теңгеден асатын 14 мыңға жуық есепшот бұғатталды.