5 күндік жұмыс аптасымен істеген педагогтердің жазғы демалыс ақысы қалай есептеледі

0
511

6 күндік жұмыс аптасы бойынша істеген педагогтердің еңбек демалысының 46 күніне ақша төленеді.


5 күндік жұмыс аптасымен істеген педагогтердің жазғы демалыс ақысы қалай есептеледі

ERNUR.KZ. Оқу-ағарту министрлігі еңбекақы төлеу әдістемесі басқармасының басшысы Гүлайым Тоқпанова 5 күндік жұмыс аптасымен істеген педагогтердің жазғы демалыс ақысы қалай есептелетінін түсіндірді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Бізге 5 күндік және 6 күндік жұмыс аптасы бойынша істейтін педагогтердің еңбек демалысы мен емдеу жәрдемақысын есептеуге қатысты сұрақтар өте көп түседі. 2023 жылы 5 күндік жұмыс аптасы бойынша істегендерге еңбек демалысының 39 күніне ақша төленеді. Ал 6 күндік жұмыс аптасы бойынша істеген педагогтердің еңбек демалысының 46 күніне ақша төленеді», - деді ол.

Басқарма басшысы заң бойынша еңбек демалысына төленетін ақы іс жүзінде жұмыс істеген күндерге ғана есептелетінін, мереке күндері мен сенбі, жексенбіге төленбейтінін атап өтті.

«Мысалы, педагогтің орташа күндік еңбекақысы 21 мың теңге болса, 5 күндік жұмыс аптасында төленетін 39 күнге көбейтеміз. Сонда мұндай педагогтің еңбек демалысына алатын ақысы 819 мың теңге болады. 6 күндік жұмыс аптасында төленетін ақшаны да осындай алгоритммен есептейміз. Яғни, 21 мың теңгені 46 күнге көбейтеміз де, педагогтің еңбек демалысына алатын ақысы 966 мың теңге болады. Бұл педагогтер еңбек демалысына төленетін ақшаны есептеу үшін мысал ретінде беріліп отыр», - деді Гүлайым Тоқпанова.