«7-20-25»: Шілдеде ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылады

0
1 156

Шілдеде ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен Үкімет отырысында Ұлттық экономика министрлігіне мемлекеттік органдармен және Ұлттық банкпен бірлесіп, Елбасының бес әлеуметтік бастамасын іске асыру бойынша Жол картасын дайындау тапсырылған болатын. Бұл Жол картасында нақты іс-шаралар және олардың орындалу мерзімдері мен нәтижелері қамтылуы тиіс. Сол Жол картасының жобасы дайындалды», - деп отырысты ашқан Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев жобаны таныстыру үшін алғашқы сөзді Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменовке берді. Министрдің айтуынша, әрбір отбасына баспана алудың жаңа мүмкіндіктерін беру бастамасының орындалуына Ұлттық банк, ал Үкімет тарапынан Инвестициялар және даму министрлігі жауапты болады. «Негізгі шаралар «7-20-25» бағдарламасын бекітуге және оны іске асыру үшін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізуге қатысты болып отыр. Шілде айына дейін ипотекалық кредиттерді сатып алатын арнайы еншілес ұйым құрылатын болады. Сонымен қатар «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша инфрақұрылымды жылына 20 млрд теңгеге дейін қаржыландыруға, оны ұлғайту және «7-20-25» бағдарламасының нормаларын ескере отырып, оған түзетулерді енгізу қарастырып отыр», - деді Тимур Сүлейменов.