8 жастағы қыз аяғынан айырылды: ІІМ апат жайлы жаңа дерек айтты

0
93

2025 жылдың 2 маусымында Астананың орталығында №10 бағыттағы жолаушылар автобусы қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды.


8 жастағы қыз аяғынан айырылды: ІІМ апат жайлы жаңа дерек айтты

ERNUR.KZ. Астанада автобус апатынан кейін екі аяғынан айырылған бүлдіршінге қатысты қозғалған қылмыстық іс Ішкі істер министрлігінің ерекше бақылауында. Бұл туралы Ішкі істер министрі Ержан Саденов Мәжілістегі брифингте айтты, деп жазады baq.kz.

Бұл қылмыстық іс бізде бақылауда. Тергеу жүріп жатыр. Ең бастысы – құқық бұзушы, қылмыскер ұсталды, қамауға алынды және жауапқа тартылып жатыр. Ол заңның бүкіл қатаң талаптарына сәйкес жауап береді, - деді министр.

Еске сала кетейік, 2025 жылдың 2 маусымында Астананың орталығында №10 бағыттағы жолаушылар автобусы қатысқан ірі жол-көлік оқиғасы болды. Апат салдарынан 15 адам зардап шекті, оның ішінде 6 бала бар.

Оқиға кезінде 2017 жылы туған қыз ауыр жарақат алып, екі аяғынан айырылды.

Жергілікті билік тарапынан зардап шеккен балаға 20 миллион теңге көлемінде өтемақы төленді. Бұған қоса, Астана қаласының әкімі зардап шеккен отбасыға тұрақты баспана берілетінін және қосымша 10 миллион теңге көлемінде көмек көрсетілетінін хабарлады.

Еске сала кетейік, кеше кешкісін Астанада Республика даңғылының бойында қала ішінде жүретін жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Алдын ала деректерге сүйенсек, автобус жүргізушісі маневр жасау кезінде рульді басқара алмай, бағанға соғылған.