9 миллион теңгеге дейінгі параны "сыйлық" деп тану - жалған ақпарат

0
612


9 миллион теңгеге дейінгі параны

ERNUR.KZ. Қазақстандықтар Желіде сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет басшысы Марат Ахметжановтың тоғыз миллион теңгеге дейінгі параны қылмыс деп танымау туралы ұсынысын талқылап жатыр. Жаңалықта оны "сыйлық" деп санаған дұрыс делінген, деп жазады Stopfake.kz.

Ақпарат @qazinform24 "Сатиралық контент. Фейк жаңалықтар" парақшасында жарияланған. Бұл ретте парақша тақырыбына сәйкес, шынайы жаңалықтар таратпайды.



Осыған сәйкес Марат Ахметжановтың ұсынысы туралы жаңалық шындыққа жанаспайды, деп жазған басылым. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми сайтында да мұндай жоспарлар туралы хабарлама жарияланбаған.

Айта кетейік, мамырда Qaznews24 Instagram-парақшасының авторы ұсталған болатын. Полиция парақшада жарияланған ақпарат "қоғам тарапынан резонанс тудырып, адамдарды арандатқанын" айтты. Парақша авторы 25 жастағы Алматы қаласының тұрғыны.

Дерек ҚР ҚК-ның 274-бабы 2-бөлігі ("БАҚ пен телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделеріне не қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі зиян келтіру қаупін туғызатын көрінеу жалған ақпарат тарату") бойынша тергеліп жатыр.