Абай облысында асылып қалған бала оқыған мектептің директоры қызметінен шеттетілді

0
641

Ал оқушының сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды.


Абай облысында асылып қалған бала оқыған мектептің директоры қызметінен шеттетілді

ERNUR.KZ. Абай облысы Жарма ауданында суицид жасаған бала оқыған мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды. Бұл туралы аудандық білім бөлімі мәлім етті, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Жарма аудандық білім бөлімінің мәліметінше, Айқын есімді 9-сынып оқушысы таңертең өз үйінің қорасында асылып қалған.

Осы оқиғадан кейін арнайы құрылған мобильді топ екі күн бойы мектепте жұмыс істеді.

«Айқын бұл мектепте бірінші сыныптан бастап оқиды. Көпбалалы отбасында тәрбиеленген ол бес баланың тұңғышы. Отбасының тұрмыстық жағдайы жақсы. Айқынның бұрын өз-өзіне қол жұмсау әрекеттері болмаған», - делінген ақпаратта.

Ал суицид жасамақ болғанда құтқарылып қалған оның сыныптасы 11-сынып оқушысымен ерегесіп, төбелескені белгілі болды.

Қазіргі уақытта мектеп директоры қызметінен шеттетіліп, сынып жетекшісі жұмыстан шығарылды.

«Сынып оқушыларын әңгімеге тарту барысында Айқынның барлық сыныптасымен сыйластықта болғандығы анықталды. Өзгеге әрдайым көмекке келуге дайын болып, бәрінің көңіл күйін көтеруге тырысатыны айтылды. Кішіпейіл, адамгершілігі мол, әділ, карапайым ретінде сипатталды. Әрдайым сабаққа дайындалып келіп, өз ойын еркін жеткізетін. Озат оқушы болған ол «Үздік аттестатқа» үміткер еді. Мұғалімдерге ешқашан теріс мінезін көрсетпеген. Мәнерлеп оқудан республикалық байқаулардың, бокстан облыстық жарыстардың жүлдегері», - делінген хабарламада.

Еске сала кеейік, Абай облысы Жарма ауданында 15 жастағы екі оқушы асылып қалған еді. Оның біреуі құтқарылғанымен, екіншісі көз жұмды.