Абай облысында полицейді қағып кеткен күдікті ұсталды

0
180

Абай облысы ПД жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертіп, азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.


Абай облысында полицейді қағып кеткен күдікті ұсталды

ERNUR.KZ. Абай облысында полицейді қағып кеткен күдікті ұсталды, деп жазады tengrinews.kz.

Абай облысы Аягөз қаласында жол-көлік оқиғасы болған. Көлік жүргізушісі жаяу жүргіншіні қағып кеткен. Қаза тапқан адам полиция қызметкері болып шықты. Ресми мәліметтер бойынша, күдікті жүргізуші ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.

"Абай облысының ПД бастығы қаза тапқан полицейдің туыстары мен жақындарына көңіл айтады. Осы факт бойынша соталды тергеу басталды. Барлық қажетті іс-шаралар өткізіліп, тиісті сараптамалар тағайындалды", - деп хабарлады Абай облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Абай облысы ПД жалған ақпарат таратқаны үшін жауапкершілік барын ескертіп, азаматтарды тек ресми ақпарат көздеріне сенуге шақырады.