Әуе кемелері 26 рет су төкті. Жалпы 71 тонна су төгілді.
Фото: видеодан алынғын скрин
ERNUR.KZ. Абай облысы Тарбағатай ауылдық округінің Қазанқамыр учаскесінде ашық аумақта, таулы әрі жетуі қиын жерде құрғақ шөп пен бұталар жанған, деп жазады inform.kz.
Өртті сөндіруге ТЖМ, ЭТРМ, орман шаруашылығы, жергілікті атқарушы органдар мен ПД-ның 433 қызметкері және 100-ден астам техникасы жұмылдырылды. Әуеден барлау жүргізу және өртті сөндіру үшін ТЖМ «Қазавиақұтқару» және ҰҚК Шекара қызметінің екі әуе кемесі тартылды.
Әуе кемелері 26 рет су төкті. Жалпы 71 тонна су төгілді. Зардап шеккендер жоқ.


