Әлеуметтік желіде тараған бейнежазба қоғамның наразылығын тудырды.
фото: Акимат Абайской области
ERNUR.KZ. Абай облысында бір топ шендіні қол ұстасып қоршап жүрген жастардың әрекеті қоғам талқысына түсті, деп жазады sputnik.kz.
Ұлы Абайдың 180 жылдық мерейтойында болған біртүрлі жағдай қоғамның наразылығын тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеодан сенат төрағасы мен облыс әкімін жастар қол ұстасып қоршап жүрген.
Қоршау ішінен сенат спикері Мәулен Әшімбаев, Абай облысының әкімі Берік Уәли, ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекті де көруге болады.
"Волонтерлерге лауазымды тұлғаларды қоршап жүру туралы арнайы тапсырма берілмеген. Бұл үлкендерге құрмет көрсету үшін жастардың өз идеясы болған. Оларға мұндай әрекет қажет емес екені ескертіліп, бірден тоқтау салынды", - дейді Абай облысының әкімдігі.
Айналасы 20 секундқа жалғасқан шараны блогер түсіріп алып, жария еткен, дейді ведомство.
Ал жастардың өз уәжін тыңдайық деген Sputnik Қазақстан тілшісіне әкімдік:
"Жастардың үлкендерге жасаған құрметі ғой. Меселін қайтарып, бетінен қақпайықшы. Оларға да қысым болып кетіп жүрер", - деп жауап берді.