​АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

0
118


​АДАМ ҚҰҚЫҒЫ – МЕМЛЕКЕТТІҢ ЕҢ ЖОҒАРЫ ҚҰНДЫЛЫҒЫ

ERNUR.KZ. «Мемлекеттің ең жоғары құндылығы – адам және оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары».


Бұл қағида – Қазақстан Республикасы дамуының басты бағдары. Конституциямыз адамды, оның ар-намысы мен қадір-қасиетін бәрінен биік қояды. Өйткені мемлекеттің қуаты – ең алдымен азаматтарының әл-ауқаты мен еркіндігінде.

Адам өмірінің қорғалуы, құқықтарының сақталуы және бостандықтарының қамтамасыз етілуі – әділетті қоғамның негізі. Заң үстемдігі орнаған жерде сенім бар, тұрақтылық бар, болашаққа нық қадам бар.

«Жаңа Конституция» – әр азаматтың құқығын қорғауға, қоғамдағы әділдік пен теңдікті нығайтуға бағытталған маңызды қадам. Әрқайсымыз заңды құрметтеп, өз міндетімізді адал атқарсақ, берік әрі біртұтас мемлекет құра аламыз.

Адамға құрмет – елге құрмет.
Құқыққа құрмет – болашаққа сенім.