"Адвокатураның тәуелсіздігі – азаматтардың кәсіби құқықтық көмек алу құқығының кепілі"

0
163


15 наурызда елімізде өтетін республикалық референдумға байланысты өңірлердегі қоғам белсенділері өз пікірлерін білдіруде.

Солардың бірі жетісулық белсенді Дәурен Оқапов Жаңа Конституциядағы сот процесі мен адвокатураға қатысты пікірін жариялады.

"Сот процесіндегі әділдікті қамтамасыз ету үшін адвокаттардың мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту маңызды қадам болып табылады. Бұл айыптаушы тарап мен қорғаушы тараптың теңдігін заң жүзінде нығайтуды көздейді. Адвокатураның тәуелсіздігі – азаматтардың кәсіби құқықтық көмек алу құқығының кепілі. Соттың бейтараптығы мен адвокаттардың еркіндігі біріккенде ғана адам құқығын шынайы қорғау мүмкін болады", - деп жазды ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айта кетейік, Жаңа Конституция жобасы елдің дамуындағы іргелі мәселелерді қамтып, мемлекеттілікті нығайтуға және құқықтық жүйені жетілдіруге бағытталған. Аталған құжатты қабылдау бойынша республикалық референдум 2026 жылғы 15 наурызда өтеді.

Бөлісу