Сот-медициналық сараптамасы ер адамның неден өлгенін анықтайды.
ERNUR.KZ. Атырау облысының тұрғыны өзінің ағасын өлтіріп, денесін үш айға жуық уақыт құдықта жасырған, деп жазады exk.kz
Қаза тапқан ер адамның қызы оны іздеп, полицияға шағымданған. Қылмыс Атырау облысы Индер ауданында болған.
65 жастағы ер адам өзге облыста малшы болып жұмыс істеген. Демалысында ауылға келген ол інісімен арақ ішіп, екеуі сөзге келіп қалады. Осы кезде інісі оны бір ұрғанда, ер адам ес-түссіз талып қалады. Кейін оның денесін ауладағы құдыққа лақтыра салған.
Жоғалған әкесін іздеген қызы полицияға шағымданады. Ер адамның шіріген денесі құдықтан табылып, тергеп-тексеру амалдары басталып кетті.
Сот-медициналық сараптамасы ер адамның неден өлгенін анықтайды. Әзірге інісі қамауға алынған жоқ.