Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті

0
672

Өз тарапынан Фирдавс Абдухаликов министрді Өзбекстандағы кинематография саласының жай-күйі, перспективаларымен таныстырды.


Аида Балаева Өзбекстанның кинематография агенттігі басшысымен кездесті

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Өзбекстан Республикасы кинематография агенттігінің бас директоры Фирдавс Абдухаликовпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Министрлік мәліметіне сәйкес, Аида Балаева телевизиялық сериалдар, деректі фильмдер өндірісін қамтамасыз ету және продакшн-индустрияны дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Өз тарапынан Фирдавс Абдухаликов министрді Өзбекстандағы кинематография саласының жай-күйі, перспективаларымен таныстырды.

«Тараптар екі елдің телеарналарында көрсету үшін кино өнімдерімен алмасу, бірлескен телевизиялық жобалар құру мәселелерін талқылады. Кездесу қорытындысы бойынша тараптар екі елдің кинематография және теледидар өнімдері саласындағы ынтымақтастығын одан әрі дамытуға ниет білдірді», - делінген ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің хабарламасында.