Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған

0
531

Тәртіп сақшылары 30 жастағы азаматпен келіссөз жүргізе отырып оны құтқарып қалды.


Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған

ERNUR.KZ. Әйелімен араздасқан қостанайлық 9-қабаттан секірмек болған, деп жазады tengrinews.kz.

22 мамырда Қостанай облысы Лисаков қаласы ІІБ кезекші бөліміне 9-қабаттан секіргелі жатқан ер адам туралы ақпарат түскен.

"Оқиға орнына полиция аға лейтенанты Андрей Грабар мен полиция лейтенанты Айбек Байсапақов бар 362 автопатруль келді. Полиция шатырға көтерілді, сол уақытта учаскелік полиция инспекторы Азат Нұрғалиев пен төтенше жағдайлар қызметі келді", - деді ведомство өкілдері.

Тәртіп сақшылары 30 жастағы азаматпен келіссөз жүргізе отырып оны құтқарып қалды. Ер адамның өзін өлімге итермелеу себебі әйелімен болған ұрыс екені белгілі болды.