«Әйелімен жанжалдасқан»: Оралда 30 жастағы ер адам 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болды

0
255

Ер адамның өміріне еш қауіп жоқ.


«Әйелімен жанжалдасқан»: Оралда 30 жастағы ер адам 9 қабатты үйдің төбесінен секірмек болды

ERNUR.KZ. Орал қаласында учаскелік полиция инспекторлары 9 қабатты үйдің төбесінен секіріп кетпек болған 30 жастағы тұрғынды құтқарып қалды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

БҚО ПД мәліметінше, 12 мамыр күні түнгі сағат 23.20-да Орал қаласының тұрғыны Құрманғазы көшесі бойындағы тоғыз қабатты үйдің төбесінде белгісіз біреудің жүргені туралы хабарлаған.

«Түнгі патрульде жүрген Орал қаласы полиция басқармасы Абай полиция бөлімінің учаскелік инспекторлары, полиция лейтенанттары Ернар Өтенов пен Медетнар Жасыбаев оқиға орнына келген кезде аяғын салбыратып, төбеде отырған ер адамды көреді. Оқыс оқиғаның алдын алу мақсатында тәртіп сақшылары ер адамды әңгімеге тарта бастайды. Оның алданып тұрған сәтін пайдаланып, оңтайлы сәтте өзіне тартып қалып, қауіпсіз жерге шығарып, тыныштандырады. Тексеру барысында анықталғанындай, 30 жастағы жігіт әйелімен жанжалдасып, мас күйінде төбеден секірмек болған. Абырой болғанда, бәрі сәтті аяқталып, тәртіп сақшыларының қырағылығы мен ептілігі арқасында аман қалды. Кейін полицейлер оны Орал қаласындағы уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізді. Ер адамның өміріне еш қауіп жоқ», - делінген ПД хабарламасында.