Маусым айының аяғында Айгүл Қапбарова Сенат депутаты атанған.
ERNUR.KZ. Парламент Сенатының жалпы отырысында депутат Айгүл Жарылқасынқызы Қапбарованың ант беруі рәсімі өтті, деп жазады ҚазАқпарат.
«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының тұтастығы мен Тәуелсіздігін нығайтуға, оның Конституциясы мен заңдарына қатаң бағынуға, депутаттың өзіме жүктелген мәртебелі міндеттерін адал атқаруға ант етемін!», - деді А. Қапбарова.
Сонымен қатар ол Сенаттың тұрақты комитетінің құрамына сайланды. Сенатор Халықаралық Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым тұрақты комитетінің мүшесі болды. Бұдан бұрын хабарланғандай, маусым айының аяғында Айгүл Қапбарова Сенат депутаты атанды.