Өндірістік мәселелер тез арада шешілсе, әуе рейстері келесі аптаның басында жанданады, деп мәлімдеді Air Astana компаниясы.
ERNUR.KZ. Air Astana компаниясы өндірістік себептерге байланысты Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатты, деп жазады sputnik.kz.
"Air Astana компаниялар тобы өндірістік себептерге байланысты Қазақстаннан Ресей қалаларына бірқатар рейсті уақытша тоқтатуға мәжбүр болды. Қазіргі таңда Алматы және Нұр-Сұлтаннан Мәскеуге рейстер орындалып жатыр", - делінген компания хабарламасында.
Air Astana компаниясы өндірістік мәселелерді тез арада шешуге тырысып жатқанын атап өтті.
Бәрі сәтті шешілген жағдайда Air Аstana мен FlyArystan келесі аптаның басында Ресей қалаларына рейстерді жандандырады, деп сендірді әуе компаниясы.