Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды.
ERNUR.KZ. Академик Төрегелді Шарманов 94 жасына қараған шағында өмірден өтті, деп жазады sputnik.kz.
Төрегелді Шарманұлы 1930 жылы 19 қазанда Қарағанды облысының Ұлытау ауданында дүниеге келген. Қарағанды мемлекеттік медицина институтын және оның аспирантурасын бітірген.
Ол денсаулық сақтау министрлігін 12 жыл басқарды. Қазақ тағамтану академиясының басшысы болды, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының жоғары марапаты – Леон Бернард атындағы медаль иегері. Бұл медальмен әлемде 43 адам марапатталған.
Медицина ғылымының докторы, профессор, Ресей Медицина Ғылым Академиясының және Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақ тағамтану академиясының және Профилакториялық медицина академиясының негізін қалаушысы және оның президенті, ДДҰ тағамтану жөніндегі сарапшылар комитетінің мүшесі.
Негізгі ғылыми еңбектері тамақтану физиологиясына арналған. Ол тамақтану тәртібінің бұзылу себептерін зерттеп, адам денесінде ақуыз, дәрумен жетіспеу жөнінде тұжырым жасады, мешел ауруының даму механизімін ашты.
Төрегелді Шармановтың Қазақстан ғылымына қосқан үлесі зор.