Әкім көпбалалы анаға өзінің штаттан тыс кеңесшісі болуды ұсынды

0
1 266

Штаттан тыс кеңесші болып, бастамашыл топқа қосылуды ұсынды.


Әкім көпбалалы анаға өзінің штаттан тыс кеңесшісі болуды ұсынды

ERNUR.KZ. Бүгін өңір басшысының тапсырмасымен «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалында облыстық басқармалар, қалалық әкімдіктер көпбалалы және әлеуметтік аз қамтылған отбасылармен кездесті. Кездесу барысында көпбалалы отбасылар өз мәселелерін айтты. Павлодарлық тұрғындардың дені кездесуге отбасымен келді, деп жазады Stan.kz.

«Сіздің заңды өзгерте алмайтыныңызды білемін. Себебі сіз президент емессіз. Алайда облыстық мемлекеттік мекемелер біздің қиындықтарымызды естіп, шешкенін қалаймыз», - дейді 4 баласын жалғыз өзі тәрбиелеп отырған ана Динара Салықова.

Бірінші сұрақ – бұл баспана. Көпбалалы ананың айтуынша, ол мемлекет ұсынып отырған тұрғын үй бағдарламалары бойынша баспана ала алмайды.

«Мен өз жалақым және 10 500 теңге жәрдемақымен бастапқы жарнаға ақша жинай айлмаймын. Себебі ақшаның жартысы пәтерақысына, қалғаны тамақ пен жолға кетеді. Бұл бір менің ғана проблемам емес», - дейді Динара Салықова.

Көпбалалы отбасыны алаңдататын тағы бір мәселе – жәрдемақының мөлшері.

«Мен 4 балам үшін 10 500 теңге аламын. Балабақша балаларды 3 жастан бастап қабылдайды. Сонда неліктен балаларға жәрдемақыны 1 жасқа дейін ғана төлейді? Бұл дұрыс емес», - дейді ол.

Кездесу барысында облыс әкісі Болат Бақауов көпбалалы анаға өзінің штаттан тыс кеңесші болып, көпбалалы отбасылардың мәселелерін шешу жөніндегі бастамашыл топқа қосылуды ұсынды.

«Сіз көпбалалы аналардың атынан сөйлеп жатырсыз. Сізге штаттан тыс кеңесші болып, бастамашыл топқа қосылуды ұсынамын. Бірге жұмыс істеп, аптасына бір рет кездесеміз», - дейді Болат Бақауов.

Өз сөзінде өңір басшысы көпбалалы отбасыларды баспана мәселесі, әлеуметтік төлемдердің мөлшерін ұлғайту, дәрі-дәрмек және ем-доммен тегін қамтамасыз ету, балабақша төлеміне жеңілдік беру, қоғамдық көліктердегі жолақысы мәселелері алаңдатып отырғанын айтты. Ол көпбалалы отбасыларды алаңдатып отырған мәселелердің қаралатынын атап өтті.