Әкімдер коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялауы мүмкін

0
806

Алгоритмге сай өңір әкімдерінің нақты міндеттері бар.


Әкімдер коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялауы мүмкін

ERNUR.KZ. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов коронавирус қаупіне байланысты өңірлерде қашан төтенше жағдай жариялануы мүмкін екенін айтып берді, деп жазады ҚазАқпарат.

«Алгоритмге сай өңір әкімдерінің нақты міндеттері бар. Олар өз құзыретіне сай табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялайды. Белгілі бір қауіп болса жағдай қатаң бақылауға алынады. Егер шектеу шараларын күшейту қажеттігі туындаса онда сол өңірдің әкімі төтенше жағдайды жариялап, бұқаралық шаралар ғана шектелмей, халық жиналатын орындарда да бақылау күшейтіледі. Кеше біз ішінара ғана шектегенбіз. Қазір енді қатаңдау шараларды қолға алуымыз мүмкін. Халық жиналатын орындарды жабуға дейінгі... Себебі коронавирус инфекциясының алдын алудың негізгі механизмі – адамдардың бір-бірінен алыс жүруі. Сол себепті қауіп туындаған жағдайда мұндай шешім қабылданады», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Еске сала кетсек, бұған дейін Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов Қазақстанның екі азаматынан коронавирус инфекциясы табылғанын мәлім еткен еді.

Ал министрліктің тауралар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің хабарлауынша, коронавирус тіркелген Қазақстанның азаматтар– 1974 жылғы ер адам, 1984 жылғы әйел.