​Әкімдер қосымша 3 мыңға жуық грант бөлді

0
1 730

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жергілікті атқарушы органдар бөлген білім гранттарының санын жариялады.


​Әкімдер қосымша 3 мыңға жуық грант бөлді

ERNUR.KZ.ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев жергілікті атқарушы органдар бөлген білім гранттарының санын жариялады, деп жазады inform.kz.

«Биыл мемлекеттік білім гранттарына қосымша жергілікті атқарушы органдарының есебінен 2 700-ге жуық грант бөлініп отыр. Нормативтік базамыз дайын. Бұл гранттар айдың аяғына дейін таратылады», - деді Е.Сағадиев Үкіметтің бүгінгі отырысында.

Министрдің айтуынша, биыл ұлттық бірыңғай тестілеу мен кешенді тестілеуді тапсырмаған, я болмаса, шекті деңгейден аса алмағандар үшін 15-19 тамызда қосымша тестілеу ұйымдастырылады.

«Оны да тапсыра алмаса, өткен жылдағыдай жоғары оқу орнына бір семестрге қабылдана береді. Бірақ келесі жылы қаңтар айында тестілеуді қайта тапсыруы қажет», - деп атап көрсетті Е.Сағадиев.

Айта кетейік, биылғы ұлттық бірыңғай тестілеуге республика бойынша 100 мыңнан астам түлек өтініш білдірді. Олардың 75 проценті қазақ тілінде оқуға ниет етсе, қалған 25 проценті орыс тілді бөлімдерді таңдаған. Мемлекеттік гранттар да солай таратылды. ҰБТ-да орташа ұпайдың көрсеткіші 83-ті құрады. Шекті деңгей - 50 ұпайды 84 мың түлек жинады. Тест тапсырғандар смартфон, роутер, модем сияқты 82 мыңнан астам құрал-жабдықты, сондай-ақ, 28 мыңнан астам шпаргалка алып өтпекші болған.