Ақмола облысында інісі ағасын пышақтап тастады

0
1 517

Күдікті өз кінәсін мойындады.


Ақмола облысында інісі ағасын пышақтап тастады

ERNUR.KZ. 15 желтоқсан күні Атбасар АПБ кезекші бөліміне медицина қызметкерінен аудандық аурухананың қабылдау бөліміне оң жақта көкірек қуысында пышақ жарақаты бар мас күйінде 41 жастағы ер адамның түскені туралы хабарлама келіп түсті, деп жазады zakon.kz.

Полиция қызметкерлері азаматты туған інісі жарақаттағанын анықтады. Жәбірленушінің айтуынша, ол анасы және інісімен бірге тұрады. Ер адам жұмыстан үйіне келгенде шешесі мен ағасы арақ ішіп отырған. Кешкі ас кезінде жәбірленуші де оларға қосылды. Содан соң сөзге келіп қалған інісі ағасына жұдырдық ала ұмтылады, ал ол өз кезегінде, пышақты ұстап, кеудесіне жарақат салды.

Бұлар бұрын сотталмаған адамдар екен. Күдікті бұл әрекетін мойындады. Заттай дәлелдемелер алынды.

Күдіктіге қатысты 106-баптың 1-бөлігі "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу амалдары жалғасуда.