Қайғылы оқиға 14 тамыз күні Көкшетау-Рузаевка автожолында болған.
ERNUR.KZ. Lexus LS 430 көлік құралы мен DAF бензин тасығышының арасында бетпе-бет соқтығысу болғаны анықталды. Апат салдарынан жеңіл автокөлік өртенді, деп жазады inbusiness.kz.
Оқиға орнында 42 жастағы Lexus-тың жүргізушісі, оның жұбайы мен баласы қайтыс болды. Жанармай көлігінің жүргізушісі әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды.
ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.