Ақмола тұрғыны айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты

0
621

Олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні анықталды.


Ақмола тұрғыны айдаладан танкке қарсы 6 мина мен 5 граната тапты

ERNUR.KZ. Жарқайың ауданы Тасты – Талды ауылының тұрғыны жарылғыш заттарды 4 сәуір күні тапқан. Ақмолалықтың айтуынша, қара металды жинау кезінде арнайы құрылғының көмегімен ол шамамен 50 см тереңдіктен алып шыққан, деп жазады inbusiness.kz.

Оқиға туралы ер адам бірден полицияға хабарлаған. Жедел – тергеу тобы мен сапер мамандары дереу жолға шықты.
Табылған жарылғыш заттар, атап айтқанда, танкке қарсы 3 мина, жаяу әскерге қарсы 6 мина және F-1 және rid-5 моделді 5 гранаталары тексеріліп, олардың оқу-жаттығулық екені және өмірге қауіп төндірмейтіні туралы қорытынды шығарылды.

Сондай-ақ, полиция мен сапер бригадасы жақын маңдағы аумақты тексеріп, жарылғыш заттарға ұқсас заттар табылмады.

Аталған факті сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді, сараптамалар тағайындалды, құқық қорғау органдары бұл заттардың айдалада қалай пайда болғанын анықтап жатыр.