Ақтау тұрғыны әзілдеп жедел жәрдем шақырғаны үшін айыппұл төлейді

0
92


Ақтау тұрғыны әзілдеп жедел жәрдем шақырғаны үшін айыппұл төлейді

ERNUR.KZ. 29 жастағы ер адам жедел жәрдемге қоңырау шалып, көп таблетка ішіп қойғанын хабарлаған. Алайда бұл әзіл болып шықты, енді ол ірі көлемде айыппұл төлейді, деп жазады inbusiness.kz


Аймақтық басылымның мәліметінше, оқиға 22 мамыр күні сағат 22:00-де болған. "103" қызметінің пультіне Ақтау тұрғынынан дәрі-дәрмекті көп мөлшерде қабылдағаны туралы хабарлама түскен.

"Жедел жәрдем бригадасы оқиға орнына жеткен кезде, ер адам мұны жай ғана әзіл үшін жасағанын мойындады", – деп хабарлады Маңғыстау облыстық жедел және шұғыл медициналық жәрдем станциясының баспасөз қызметі.

Шақырту жалған деп танылып, азаматқа қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 438-бабы (Арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылған.

Нәтижесінде, арнайы қызметтерді көрінеу жалған шақырғаны үшін Ақтау тұрғынына 117 960 теңге көлемінде айыппұл салынды.