Ақтауда апаттық үйлерге 20 млн теңгеден бөлінеді

0
415

Ақтау қаласындағы тұрғын үйлердің жағдайын анықтау үшін мамандарылған ұйым техникалық тексеру жүргізеді.


Ақтауда апаттық үйлерге 20 млн теңгеден бөлінеді

ERNUR.KZ. Ондай ұйым конкурс арқылы анықталмақ, деп жазады inbusiness.kz.

Үш жыл бұрын Ақтауда 8-шағын ауданда екі кіреберістің маңдайшасы құлаған еді. Бұл жағдайдан кейін Ақтау үйлеріндегі кіреберіс күнқағарлары тексеріле бастады. Содан соң әкімдік пәтер иелері кооперативіне тексеру жүргізіп, апатты жағдайларды анықтауды тапсырған болатын.

"Бұл жұмыс орындалды. Әрбір ПИК-те апаттық жағдайда тұрған кіреберіс маңдайшаларының тізімі бар. Қала бойынша қаншасы бар екенін біз білмейміз, өйткені бұл тұрғындардың меншігі. Бюджеттен жөндеуге қаражат бөлінбейді. Жөндеу тек тұрғындардың есебінен жүзеге асырылады. Қазір бүкіл қала бойынша кіреберіс күнқағарлары жөнделуде. Жөндеу тек тұрғындардың келісімімен жасалады. Алайда күнқағар апатты жағдайда болса, онда ПИК тұрғындардың келісімінсіз жөндеу жүргізеді", - дейді Ақтау қалалық тұрғын үй инспекциясының басшысы Нұрадин Көшербаев.

Әкімдік өкілінің айтуынша, Ақтауда апатты үйлерді мамандандырылған ұйым анықтайтын болады.

"Шаһарда 819 үй ескі. Үйдің апатты екендігі туралы қорытындыны техникалық тексеруден кейін мамандандырылған ұйым ғана бере алады. Әкімдікте мұндай өкілеттік жоқ. Биыл 20 үйге 20 миллион теңге бөлінеді. Ақша шотқа түскен кезде, біз ашық конкурс жариялаймыз. Содан кейін үйлер, оның ішінде күнқағарлардың жағдайы тексеріледі", - деді Нұрадин Көшербаев.