Ақтауда әйелін өлтірмек болған ер адам он тәулікке қана қамалған

0
198

Қазір оған Қылмыстық кодекстің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.


Ақтауда әйелін өлтірмек болған ер адам он тәулікке қана қамалған

Фото: Азамат Сәрсенбаевтың желідегі парақшасынан

ERNUR.KZ. Желіде ақтаулық блогер Азамат Сәрсенбаев бұрынғы күйеуі тарапынан екі сағаттан аса уақыт соққыға жығылып, 17-қабаттан лақтырамын деп қысымға жасалған қыз туралы айтты, деп жазады stan.kz.

Азамат Сәрсенбаевтың айтуынша, 26 мамырда сот азамат "И"-ге Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 461-бабы (Қорғау нұсқамасын бұзу) бойынша он тәулік қамау және 3 айлық бақылау шарасын тағайындады.

Қазір оған Қылмыстық кодекстің 109-бабы (Ұрып-соғу) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап бойынша 3 жылға дейін бас бостандығынан айыру, 2 жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе 2 жылға дейін мәжбүрлі еңбекке тарту жазасы қарастырылған.

"Алдағы уақытта онымен профилактикалық шаралар жүргізіледі", – деп хабарлады сот өкілдері.