Ақтауда мас күйде тапаншамен жүрген ер адамды ұстау сәті видеоға түсірілді

0
110

Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, 40 жастағы қала тұрғынын анықтады.


Ақтауда мас күйде тапаншамен жүрген ер адамды ұстау сәті видеоға түсірілді

Фото:depositphotos.com

ERNUR.KZ. Полиция Ақтауда мас күйдегі ер адамды ұстады. Тұрғыннан тапанша және оған арналған оқ-дәрілер табылған, деп жазады tengrinews.kz.

Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, 19-шағынауданда мас ер адам жүргені туралы хабар кезекші бөлімге түскен.

Құқық қорғау органдары жедел әрекет етіп, 40 жастағы қала тұрғынын анықтады. Куәлардың қатысуымен қарау кезінде, ер адамнан дабыл тапаншасы мен оқ-дәрілер тәркіленген. Ұстау рәсімі полиция тарапынан видеоға түсірілген.


Медициналық сараптама нәтижесінде оның жеңіл дәрежеде алкогольдік масаң күйде болғаны анықталды. Ол тергеу тобына тапсырылды, тиісті сараптамалар тағайындалды, деп мәлімдеді ведомство.