Ауыр қылмысқа барған күдікті бірден ұсталды.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінен әйел адамның мәйіті табылды. Полиция мәліметінше, оның денесінде зорлық белгілері бар, деп жазады tengrinews.kz.
Әйелдің денесі 11-ықшамауданындағы пәтерлердің бірінен табылған. Кейінірек оның Өзбекстан азаматшасы екені анықталды. Сол күні полицейлер ауыр қылмысқа барған күдіктіні ұстады. Ол да Өзбекстан азаматы болып шықты.
"Ол кінәсін толық мойындады. Күдік сот шешімімен екі ай мерзімге қамауға алынды", - деді Маңғыстау облыстық ПД баспасөз қызметінің өкілдері.