Ақтауда халыққа сыйлық жасағаны үшін Роза Рымбаева жазаға тартылды.
Сурет: pixabay
ERNUR.KZ. Белгілі әншімен аттас кәсіпкер дүкенге келушілерге, Балалар күніне орай, тегін тәттілер таратамын деп, басы бәлеге қалды. Себебі балмұздаққа таласқандар тым көбейіп, соңы жанжалға ұласқан, деп жазады zakon.kz.
"Балаларды қорғау күніне орай тегін тәттілер таратылып жатыр" деп естіген ел бірден сол дүкенге ағылған. Дүкен алды лезде адамға лық толып, бір-бірін жанши бастаған. Тіпті кейбірі баласын жоғалтып та алған. Жергілікті билікпен келіспей іс-шара ұйымдатырғаны үшін кәсіпкерге айыппұл салынды.
"Кішігірім шара ұйымдастырдық. Бірақ осынша халық келетінін білген жоқпыз және әкімдікпен келіскен жоқпыз. Біз кішігірім, 60-70 бала жиналады деп сыйлықтарымызды дайындадық. Осынша халық келіп, кішігірім қысым боп қалып жатыр. Кешірім сұраймыз".Роза Рымбаева, кәсіпкер
Балалар мерекесінде тура осындай жағдай Шымкентте де орын алды. Тұран шағынауданындағы жаңа ашылған дүкендердің бірі тегін балмұздақ таратпақ болған. "Тегін үлестіріп жатыр" дегенді естіген тұрғындар дүкенге лап қойып, бір-бірін таптап кете жаздаған. Алайда балмұздақ бәріне бірдей жетпеген.