Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін қаза тапты

0
91

​Қайғылы оқиға бүгін сағат 9-да болған.


Ақтауда тұрғын үйден өрт шығып, бүлдіршін қаза тапты

Фото: Маңғыстау облысы ТЖД

ERNUR.KZ. Ақтауда 8 желтоқсан күні таңертең тұрғын үйдегі өрт қайғылы жағдайға ұласты: пәтерде қалған бүлдіршін көз жұмды, деп жазады azattyq-ruhy.kz.

Маңғыстау облыстық ТЖД мәліметінше, 28-шағынауданнан өрт туралы хабар «112» пультіне 09:04-те түскен. Оқиға №21 үйдің төртінші қабатындағы пәтерде болған.

Өрт сөндірушілер шақыру орнына алты минутта жетіп, шамамен 20 шаршы метр аумақты шарпыған өртті 09:28-де толық сөндірген.

«Тілсіз жауды ауыздықтау барысында пәтерден ес-түссіз жатқан кәмелетке толмаған жасөспірім табылды. Ол дереу жедел жәрдем қызметіне тапсырылды. Алайда дәрігерлердің көрсеткен көмегіне қарамастан, бала жедел жәрдем көлігінде көз жұмды», – деп хабарлады өңірдің ТЖД өкілдері.

Үй тұрғындарын эвакуациялау қажеттілігі болмаған. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр, қаза тапқан баланың жасы нақтылануда.