Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттан құлап қаза тапты

0
410

Оқиға куәгерлердің көз алдында болды.


Ақтауда жалаңаш ер адам 11-қабаттан құлап қаза тапты

Фото: lada.kz

ERNUR.KZ. Ақтауда көпқабатты үйдің шатырынан құлаған жалаңаш ер адам оқиға орнында көз жұмды. Қайғылы жағдай 20 шілде күні таңғы сағаттарда, 5-ықшамауданындағы №22 үйде тіркелген, деп жазады Azattyq Rýhy.

Куәгерлердің айтуынша, ер адам 5G-антеннасына жармасып, шатырда тұрған. Оқиға орнына жедел қызмет өкілдері, соның ішінде өрт сөндірушілер келіп, автосатыны орнатқан. Алайда құтқарушылар жақындамақ болған сәтте ер адам төменге құлап кеткен.

Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясының дерегінше, ер адамның алған жарақаты өлімге алып келген, ол жедел жәрдем жеткенге дейін көз жұмған.

  • Ол үйдің жанына салынған қосалқы құрылысқа құлаған.
  • Ер адам толықтай жалаңаш күйде болған
  • Төтенше жағдай қызметі автосаты арқылы көмек көрсетуге тырысқан

Маңғыстау облысы полиция департаментінің хабарлауынша, бұл дерек бойынша ҚР ҚК 105-бабы («Өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу») бойынша қылмыстық іс тіркелген.

«Ер адамның не себепті киімсіз күйде шатырға шыққаны және өзін ұстауға тырысқаны – анықталу үстінде», – делінген полиция мәлімдемесінде.