Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды.
фото: видеодан скрин
ERNUR.KZ. Ақтауда кәмелетке толмаған жасөспірім жүргізуші куәлігінсіз Toyota Prado көлігімен полицейлерден қашпақ болған. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде жарияланды. Бала ұсталып, көлік айыптұраққа қойылған, деп жазады
"Қауіпсіз жол" рейді барысында полиция қызметкерлері Toyota Land Cruiser Prado көлігін тізгіндеген кәмелетке толмаған жүргізушіні ұстады. Оқиға 26 мамырда қаланың 26-ықшамауданында болған.
Маңғыстау облыстық Полиция департаменті мәліметінше, жол талғамайтын көлік құжаттарды тексеру үшін тоқтатылған. Тексеру кезінде рөлде жасөспірім отырғаны анықталған. Ол қашуға әрекет жасаған, бірақ полиция оны дереу ұстаған.
Видео әлеуметтік желілерде тарап, қызу талқыланды.
Кадрлардан Toyota Prado көлігінің жүргізушісі патрульдік көліктерден қашуға тырысып, түрлі маневр жасағаны, кедергілерді айналып өтіп, тіпті жол жиегіне өткен сәттері байқалады.
"Құқықбұзушылық дерегі бойынша кәмелетке толмаған баланың заңды өкіліне қатысты әкімшілік хаттамалар толтырылды. Автокөлік арнайы айыптұраққа қойылды", – деп хабарлады Маңғыстау полициясы.
Ведомство өкілдері, көлік қозғалысы кезінде келтірілген барлық залалды өтеу қамтамасыз етілетінін атап өтті.