Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылды.
ERNUR.KZ. Ақтау қаласында жолаушылар автобусы толықтай өртеніп кетті, деп жазады sputnik.kz.
Маңғыстау облыстық төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, 9 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша сағат 17.31-де "ПАЗ-320530" маркалы жолаушылар автобус жүріп келе жатып өртенді.
Жолаушылар салоннан өрт сөндірушілер жеткенше шығарылды. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрт сағат 17.43-те сөндірілді.
Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Оны сөндіруге сегіз өрт сөндіруші мен үш техника жұмылдырылды.