Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.
фото: Sputnik / Илья Наймушин
ERNUR.KZ. Қазақстандық лоукостер FlyArystan 2025 жылдың 29 қарашасынан бастап Ақтау – Дубай – Ақтау бағытында рейс ашады, деп жазады sputnik.kz.
Жаңа әуе бағыты жолаушыларға әлемдегі ең танымал туристік қалалардың біріне қолайлы әрі қолжетімді саяхат жасау мүмкіндігін ұсынады.
Алғашқы кезеңде рейстер аптасына бір рет – сенбі күндері орындалады.
"16 желтоқсан мен 6 қаңтар аралығындағы қысқы мектеп демалысы кезеңінде, сондай-ақ, 10–24 наурыз аралығындағы көктемгі мерекелерде сейсенбі күндері қосымша рейстер орындалады. Күндізгі кесте бұл бағытты отбасылық саяхаттар мен мерекелік сапарлар үшін ерекше ыңғайлы етеді", - дейді әуе компаниясы.
Ұшу уақытының орташа ұзақтығы 3,5 сағатты құрайды.
Айта кетері, Қазақстан азаматтары үшін Біріккен Араб Әмірліктерінде 30 күнге дейін визасыз жүру режимі қолданылады.