Ақтөбе балабақшасында 3 жасар қыз басына жарақат алды

0
969

Балабақша тәрбиешілеріне қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды.


Ақтөбе балабақшасында 3 жасар қыз басына жарақат алды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы «Әсел» балабақшасында үш жасар бала екіқабатты кереуеттен құлап, бас сүйек-ми жарақатын алды. Оқиғаға қатысты қалалық білім басқармасында түсінік берді, деп жазады ҚазАқпарат.

Оқиға 19 тамыз күні болған. Тынығу уақытында «Радуга» тобының тәрбиеленушісі Полина Ратникова қосқабатты кереуеттен түсіп бара жатып, құлап кеткен.

«Балабақша меңгерушісі түсіндіргендей, баланың жылағанына тәрбиеші Жұмагүл Сағидуллина жүгіріп келіп, медбике Ақмарал Өтешеваны шақырған. Ол алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Бала аяғы ауырып тұрғанын айтқан. Денесінде өзге жарақаттар байқалмаған», - деді білім бөлімінің басшысы Саян Сүлейменов.

Дегенмен, баланың ата-анасы облыстық ауруханаға жүгініп, оның миы шайқалғанын және төбе сүйегінде жарық барын анықтаған. Қазір баланың жағдайы тұрақты. Ол дәрігерлердің бақылауында.

«Балабақша тәрбиешілеріне қызметтік міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін қатаң сөгіс жарияланды. Қалалық білім бөлімі заңбұзушылық қайталанған жағдайда мемлекеттік тапсырысты орналастыру жөніндегі келісімшарт біржақты тәртіппен бұзылатыны жөнінде хабардар етті», - деп қосты С.Сүлейменов.