Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы көз жұмды

0
646

Ол жону аппаратына оратылып қалған.


Ақтөбе ферроқорытпа зауытында жұмысшы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбедегі ферроқорытпа зауытында механик мерт болды. Ол - зауытта жөндеу жұмысын жүргізген мердігер компанияның қызметкері, деп жазады inform.kz.

Оқиға кеше сағат 14:40–та тіркелді.

«СМС Сервис» ЖШҚ мердігер мекемесінің механигі жөндеу жұмысын аяқтаған соң оны тексермек болып, уату-жону машикасын іске қосуға пәрмен береді.

Осы кезде қайғылы оқиға болған.

— Механик рация арқылы уату-жону машинасын іске қосуды тапсырады. Сол кезде өзі жону аппаратына оратылып қалып, оқиға орнында көз жұмды. Мердігер компания Башқұртстанда тіркелген, — деп хабарлады облыстық еңбек инспекциясы басқармасы.

Ақтөбе ферроқорытпа зауыты да әлеуметтік желідегі ресми парақшасында ақпаратты растап, қаза болған адамның отбасына көңіл айтты.

— Ақтөбе феррорқорытпа зауытының аумағындағы жөндеу жұмыстары кезінде мердігер ұйымның қызметкері жарақат алып, салдарынан көз жұмды. Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланды. Оқыс оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. «Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымы марқұмның туған-туыстарының қайғысына ортақтасып, көңіл айтады, — деп жазылған хабарламада.