Ақтөбе қаласының әкімі тағайындалды

0
651

Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.


Ақтөбе қаласының әкімі тағайындалды

ERNUR.KZ. Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Ақтөбе қалалық мәслихатының келісімі бойынша Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжановтың өкімімен АЗАМАТ БАУЫРЖАНҰЛЫ БЕКЕТ Ақтөбе қаласының әкімі лауазымына тағайындалды, деп жазады kaz.zakon.kz.


Азамат Бекет - Қазақ гуманитарлық-заң университетінің және Экономика және құқық академиясының түлегі.

2016 – 2018 жылдары Батыс Қазақстан, Атырау облыстарының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымдарында қызмет атқарған.

2018 – 2020 жылдары Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі болып еңбек еткен.

2020 – 2021 жылдары Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарған.

2021 жылдың ақпан айынан Ақтөбе облысының Хромтау ауданының әкімі лауазымын атқарып келді.