Ақтөбе мектебінде 13 жасар оқушы көз жұмды

0
752

13 жастағы бала құлағанда мойнымен үстелдің ұшына соғылған.


Ақтөбе мектебінде 13 жасар оқушы көз жұмды

ERNUR.KZ. Ақтөбе қаласындағы мектепте оқушы құлап, көз жұмды, деп жазады inform.kz.

Бұл туралы Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады. Басқарма басшысы Рүстем Исаевтің айтуынша, 13 жастағы бала құлағанда мойнымен үстелдің ұшына соғылған.

— Мектептің 7-сынып оқушысы үшінші сабақтан кейінгі үзіліс кезінде сынып ішінде партаға соғылып құлап, соққыдан есінен танып қалған. Мектеп тарпынан шұғыл жедел жәрдем шақырылып, бала ауруханаға жеткізілген. Ауруханадан суық хабар алынды. Қазіргі таңда құзырлы органдар тарапынан тергеп-тексеру жұмыстары жүргізіліп жатыр, — деді Ақтөбе қалалық білім бөлімінің басшысы Метгүл Қосымбаева.

Оқушы ауруханаға ес-түссіз күйде жеткізілген.

— Бала тыныстамай қалған. Бірден облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Ес-түссіз болды. Жансақтау бөлімінде баланың өмірін сақтап қалу үшін дәрігерлер бар күшін салды. Бірақ ештеңе өнбеді. Сағат 11:25–де биологиялық өлім тіркелді, — деп хабарлайды Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.

Айта кетейік, 7-сынып оқушысы қаладағы № 27 мектепте білім алған.