Ақтөбе облысы: теміржол өткелінде болған көлік апатынан жүргізуші мерт болды

0
773

Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.


Ақтөбе облысы: теміржол өткелінде болған көлік апатынан жүргізуші мерт болды

ERNUR.KZ. Ақтөбе облысында теміржол өткелінде екі көлік соқтығысып, жеңіл автокөліктің жолаушысы қаза болды, деп жазады ҚазАқпарат.

28 қыркүйек күні сағат 22:40 шамасында 53 жастағы DAF жүк көлігінің жүргізушісі Ақтөбе-Орынбор автожолымен жүріп келе жатып, қатар бағытта жүріп келе жатқан және реттелмейтін теміржол өткеліне тоқтаған Opel Vectra автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Opel автокөлігінің 40 жастағы жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында қайтыс болды.

ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды.