​Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап қаза болды

0
610

Оның жанында тағы бір бала болған


​Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап қаза болды

Ақтөбе облысында 4 жастағы бала еріген қар суына құлап, қаза болды, - деп жазады Tengrinews.kz.


Бала небәрі 12-15 сантиметр тереңдіктегі суға құлап, тұншығып қалған. Оқиға Байғанин ауданындағы Ебейті ауылында 23 наурызда күндіз болған.


Аудан әкімдігі мәліметінше, еріген қар суы маңында екі бала ойнап жүрген. Судың тереңдігі небәрі 12-15 сантиметр болған, оған 4 жасар бала құлап, тұншығып қалған. Оны құтқару мүмкін болмаған.

Оның жанында тағы бір бала болған, ол аман-есен екені айтылды.